Жаңалықтар

Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM мектебінде кездесу өтті

Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM мектебінде кездесу өтті. Орталық ұйымдастырған шара барысында мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы, олардың ел тарихы мен тәуелсіздігіміздегі орны туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында арнайы квиз ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

CONTINUE READING Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM мектебінде кездесу өтті 1 min read

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті. – Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі, […]

CONTINUE READING Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады 1 min read

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары оқушылармен кездесті

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер жалғасуда. Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен кезекті іс-шара Астана қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында өтті. Кездесуде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы мемлекеттік рәміздердің рөлі туралы егжей-тегжейлі айтылды. Іс-шара барысында оқушылармен ашық диалог […]

CONTINUE READING Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары оқушылармен кездесті 1 min read

Қаза тапқан әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар берілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды 🔹Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: Мұхтарұлы Олжас  – 29011 әскери бөлімі взводының командирі. 🔹Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: Аяпберген Сержан Талғатұлы  – 29011 әскери бөлімі […]

CONTINUE READING Қаза тапқан әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар берілді 1 min read

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің төсбелгі жобалары талқыланды

Геральдикалық зерттеулер орталығындағы кездесу барысында оқу орнын бітіруші түлектерге арналған төсбелгі жобалары қарастырылып, әскери геральдика саласының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар әскери геральдиканың негізгі талаптарын, символикалық элементтердің дәстүрлі тұтастығын және мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін сөз етті. Орталық мамандары мен университет өкілі ұсынылған эскиздердің геральдикалық ережелерге сәйкестігін саралап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ортақ бастамалардың бағыттарын айқындады. Әскери символиканы […]

CONTINUE READING Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің төсбелгі жобалары талқыланды 1 min read

Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында аралас жекпе-жектен чемпион атанды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин топ жарды. Ол аралас жекпе-жектен (ММА) ел қоржынына кезекті алтын медальді салды. Дәстүрлі стиль бойынша 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалдық белдесуде Бахрейн өкілі Мухаммед Набиевпен кездесті. Тартысты өткен тартыста қарсыласынан басым түскен Еркінғали 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Азия […]

CONTINUE READING Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында аралас жекпе-жектен чемпион атанды 1 min read

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті.Отырысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова жүргізді.Кеңес отырысында бірқатар жаңа нышан, медаль және ведомстволық награда жобалары қаралды. Атап айтқанда, Ақмола облысының өңірлік нышанының жобасы, Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына арналған медаль, […]

CONTINUE READING Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы өтті 1 min read

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібі» тақырыбында семинар өтті

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен семинар өтті. Семинар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының құқықтық мәртебесі, оларды пайдалану және орналастыру тәртібі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді қолдануға қойылатын негізгі талаптар түсіндіріліп, тәжірибеде кездесетін жағдайлар бойынша мысалдар қарастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін арттыру, […]

CONTINUE READING «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібі» тақырыбында семинар өтті 1 min read

Түркістан облысында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Геральдикалық зерттеулер орталығы мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат екі мекеме арасындағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық бағыттағы байланысты нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен насихаттауға, геральдика және музей ісі салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Ынтымақтастық аясында ғылыми-әдістемелік іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар өткізу, мамандар арасында […]

CONTINUE READING Түркістан облысында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды 1 min read

Түркістанда мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау мәселелері жөнінде семинар өтті

Түркістан қаласында мемлекеттік рәміздерді пайдалану, орналастыру және насихаттау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы, Қоғамдық даму басқармасының жауапты мамандары, сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат және […]

CONTINUE READING Түркістанда мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау мәселелері жөнінде семинар өтті 1 min read