Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды 19 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Республика күніне орай мектеп оқушыларына мемлекеттік рәміздердің тарихы таныстырылды
Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің оқушыларымен танымдық семинар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел тарихына деген құрметін арттыру. Семинар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы, олардың авторлары, сондай-ақ Мемлекеттік […]
Президентіміз қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады
«Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қатысты архив құжаттары мен тарихи материалдарды зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
«Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қатысты архив құжаттары мен тарихи материалдарды зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Архив қорларындағы құжаттармен жұмыс істеу барысында мемлекеттік рәміздер тарихына қатысты деректер қарастырылып, тарихи материалдармен танысу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан 2027 жылғы дзюдодан әлем чемпионатының туын қабылдады
Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын ресми түрде қабылдады. Салтанатты рәсім Бакуде өткен әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) туын Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке ұйымның бас хатшысы Лиза Аллан табыстады. Бұған дейін ту Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнұр Мамедлиге берілген болатын. Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылғы 7–14 маусым […]
Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік тулары Астана көшелеріне ілінді
Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар аясында Астана қаласының көшелері Қазақстан Республикасының және Бельгия Корольдігінің мемлекеттік туларымен безендірілді. Салтанатты рәсім барысында Ақордада Қазақстан Республикасының және Бельгия Корольдігінің мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Мемлекеттік тулар мен Әнұрандардың ресми іс-шараларда қатар қолданылуы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың қалыптасқан хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік рәміздер әр мемлекеттің егемендігі мен ұлттық […]
Қажымұқан мектебінде тағылымды кездесу өтті
Жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан атындағы орта мектебінде тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, олардың ел бірлігін нығайтудағы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы айрықша орны туралы мазмұнды ақпарат берілді. Кездесу кезінде мектеп оқушылары […]
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны бір-бірін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы — «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевқа Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы — Әл Саид орденін табыстады. Жоғары мемлекеттік наградалардың табысталуы Қазақстан мен Оман арасындағы достық байланыстар мен өзара ынтымақтастықтың маңызын айқындайды. […]
Қазақстанда мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері марапатталды
Бүгін, Ұстаздар күні, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері кәсіби жетістіктері, көп жылғы еңбегі және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары 25 педагогке табысталды. Атап айтқанда, 5 оқытушы «Еңбек ардагері» медалімен, 4 педагог Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, 9 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Тағы 7 педагогке […]
Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті. – Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет саналады. Ұлт […]
