Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Гералдикалық зерттеулер орталығы» РММ-і «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының талаптарына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының төртінші блогын іске асыру аясында 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі […]

CONTINUE READING Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі 1 min read

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне мониторинг жүргізілді                                                  

Астана қаласындағы кеңсе тауарларын сататын сауда орындарында Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бейнеленуі мен пайдаланылуына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында мемлекеттік рәміздер бейнеленген күнделіктер, дәптерлер, жазу құралдары және өзге де кеңсе тауарлары зерделенді. Мемлекеттік Әнұран мәтінінің дұрыс берілуіне, авторлары туралы мәліметтердің толықтығына және Мемлекеттік Ту бейнесінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне назар аударылды. Анықталған кемшіліктер […]

CONTINUE READING Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне мониторинг жүргізілді                                                   1 min read

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Сеулде Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» ордені салтанатты түрде табысталды. Мемлекет басшысы бүгінгі мән-маңызы ерекше рәсімге жиналған қауымға ілтипат білдіріп, қазақ пен корей ежелден достас халықтар екеніне назар аударды. – Екі елдің арасы алшақ болғанымен, бізді өзара құрмет пен ортақ мүдде жақындастарды. Корея экономикасы айналасындағы бәсекелестік пен сын-қатерлерге қарамастан ойдағыдай дамуда. […]

CONTINUE READING Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады 1 min read

Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Азия ойындарында Қазақстан туын алып шығады

Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары анықталды. Ашылу салтанатында ел байрағын Олимпиада чемпионы мен жас үстел теннисшісі көтереді. Қазақстан құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы ту ұстаушылары белгілі болды. Жапонияда өтетін құрлық додасының ашылу салтанатында Мемлекеттік туды Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама өкілі Сарвиноз Миркадирова алып шығады. Қазақстан дзюдо федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, […]

CONTINUE READING Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Азия ойындарында Қазақстан туын алып шығады 1 min read

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалып, бұған дейін атқарған қызметінен босатылды. Арман Оразбайұлы Қырықбаев 1976 жылғы 20 қазанда Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алған. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде бастаған. […]

CONTINUE READING Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 1 min read

3 қыркүйек – Қазақы тазы күні

Қазақы тазы күні құтты болсын! Қазақтың жеті қазынасының бірі саналатын тазы – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен ұлттық болмысының айрықша нышаны. Жүйріктігімен, алғырлығымен дараланған қазақы тазы – халқымыздың табиғатпен етене тіршілігінің, саятшылық өнері мен ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл атаулы күн төл мәдениетіміз бен ұлттық мұрамызды дәріптеп, қазақы тазыны сақтау, қорғау және кейінгі ұрпаққа […]

CONTINUE READING 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні 1 min read

Білім күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, білім алушылар, ата-аналар және білім саласының ардагерлері! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім күні – жаңа оқу жылының бастауы ғана емес, білімге ұмтылыс пен ізденістің, жаңа мақсаттар мен жарқын жетістіктердің бастауы. Бұл күн ұстаз еңбегіне құрмет көрсетіп, шәкірт арманына қанат бітіретін ерекше мереке. Қадірлі ұстаздар! Сіздердің жас ұрпаққа сапалы […]

CONTINUE READING Білім күні құтты болсын! 1 min read

Мемлекет басшысы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылуын тамашалады. Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға […]

CONTINUE READING Мемлекет басшысы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты 1 min read

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды: «Парасат» орденімен Өтелбаев Мұхтарбай – «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы «Құрмет» орденімен Урнгалиева Зуря Айтқұлқызы – «№ 3 «Зерде» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі, Орал қаласы Шерстобитова Марина Георгиевна – «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл […]

CONTINUE READING Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды 1 min read

Президент зияткер жастардың ұстаздарын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері шақырылды. Физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен беделді білім сайысында топ жарған жеңімпаздардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері. […]

CONTINUE READING Президент зияткер жастардың ұстаздарын мемлекеттік наградалармен марапаттады 1 min read