Президент Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйледі. «Барыс Арена» стадионында ұйымдастырылған іс-шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар құрметті қонақ ретінде қатысты. Жиында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің басшыларына, құрметті қонақтар мен халықаралық турнирге қатысу […]
Димаш Құдайбергеннің жапондық жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады
Әлеуметтік желі қолданушысы Алишер Әукенбаев жариялаған бейнежазба көпшіліктің назарына ілікті. Оның айтуынша, Жапонияға барған сапарында жергілікті тұрғындар қазақстандықтарды жылы қарсы алып, «Димаштың елінен келді!» деп ерекше құрмет көрсеткен. Бейнежазбадағы ең әсерлі сәттердің бірі – жапон азаматтарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын қазақ тілінде орындауы. Бұл көрініс олардың елімізге, тілімізге, мәдениетімізге және мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметінің жарқын […]
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды
Бүгін, 27 шілде күні қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, авиация генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 80 жасқа толды Саналы ғұмырын авиацияны дамытуға, Отан қауіпсіздігін нығайтуға және Қазақстанның ғарыш саласының қалыптасуына арнаған даңқты тұлғаның өмір жолы – кәсіби шеберліктің, қайсарлықтың, елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Тоқтар Әубәкіров […]
Өзгерістермен танысып, талаптарды сақтайық!
Астана қалалық сотында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселелері талқыланды
Астана қалалық сотында «Рәміздер рухы – Конституция күші» акциясы аясында семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрмет мәдениетін қалыптастыру, қолдану тәртібін түсіндіру және патриоттық құндылықтарды насихаттау. Семинарға сот жүйесінің қызметкерлері қатысты. Іс-шараны ашқан Астана қалалық соты әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Культуманов мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орнына тоқталып, оларға деген […]
Меморандумға қол қойды
Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Әділхайыр Мырзаханов пен «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұрбол Сейтқалиев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді насихаттау, олардың тарихи және идеологиялық маңызын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен оларды заңнама талаптарына сәйкес қолдану мәселелері бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Алдағы уақытта Геральдикалық зерттеулер […]
«Заң» газетіне қаулыға қатысты сұхбат жарияланды
«Заң» газетіне 10 шілде күні Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Сұлтан Оразаевтың ой-пікірлері негізінде «Жаңа ережелер рәміздерді пайдалану мәдениетін жаңа деңгейге көтереді» тақырыбында сұхбат жарияланды. Сұхбаттың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз. Сұлтан Оразаев, Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы: «ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР РӘМІЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРЕДІ» Үкімет қаулысымен Мемлекеттік Туды […]
Қаулыдағы өзгерістер мен толықтырулар талқыланды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 13 шілде күні мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатында республикалық конференция өткізді. «Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыбындағы конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, мәдениет және қоғам қайраткерлері, тарих және филология […]
Өзгерістер рәміздерді пайдалану мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтереді
Қаулыда қандай өзгерістер бар?
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы№873 қаулысына өзгерістер енгізілді. «Мемлекеттік Гимн» сөзі «Мемлекеттік Әнұран» сөзіне ауыстырылды. Енді Мемлекеттік Әнұран болып жазылады және айтылады. Мемлекеттік Туды пайдалану шарттары: 1) жеке тұрғын үйлерде 3 метрден […]
