Ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын! Бұл күн – азаттығымыздың бастауы болған аса маңызды мереке. Биыл Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Республика күні – ел бірлігі мен ынтымағының, ортақ мақсатқа деген сенім мен жігердің мерекесі. Біз еліміздің өсіп-өркендеуіне, жарқын болашағына үлес қосуға міндеттіміз. Әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен […]
Республика күніне орай «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 23 қазанда Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапхана залында «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өтті. Республика күні мен Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған жиынды Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – егемендіктің тарихи мәні мен құқықтық негіздерін кеңінен насихаттау, ұлттық рәміздердің идеологиялық әрі рухани […]
«Егемендік – ел болашағының бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
Геральдикалық зерттеулер орталығы 23 қазан күні сағат 11:00-де 25 қазан – Республика күніне орай «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өткізбек. Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің мән-маңызына кеңінен тоқталу, мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Дөңгелек үстел ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапхана залында өтеді. Аталған іс-шараға ҚР Парламенті […]
Мемлекеттік Ту ойын барысында ортаға шығарылды
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Лихтенштейн командалары арасында матч өтті. Астана қаласында өткен ойында ұзындығы – 24, ені – 12 метрді құрайтын Мемлекеттік Ту ортаға шығарылды. Матчты тамашалауға жиналғандардың Туды мақтанышпен көтеруі – спортшыларға рух бергені анық. Мемлекеттік Ту астында мәртебеміз арта бергей!
12 қазан – Мемлекеттік Ту авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні
Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтің туған күні. Ол – халқымыздың рухын, еліміздің тәуелсіздігін айшықтаған рәміз – Көк Тудың авторы. Мемлекеттік Туымыздағы ашық көк түс – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ал күн мен қыран бейнесі – болашаққа ұмтылған еркін елдің символы. Шәкен Ниязбековтің бұл еңбегі – […]
Мемлекеттік Әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің торқалы тойы тойланды
Атырау облысында 8-11 қазан аралығында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар өтті. Ең әуелі «Ұрпағым, саған айтам…» республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы оздырылып, қорытындыланды. Торқалы той меймандары Қошалақтың құмындағы Ашақ төбесіне барып, ақын рухына тағзым етті. Құрманғазы ауданының орталығында Жұмекен, Қадыр, Тұманбай […]
Көркемсөз шеберлері Жұмекен жырын оқыды
Атырауда қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің «Ұрпағым, саған айтам…» республикалық байқауы қорытындыланды. Байқаудың мақсаты – ақынның әдеби мұрасын насихаттау, оның шығармашылығы арқылы жастарды адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар поэзиялық шығарма және прозалық шығарма аталымдары бойынша бақ сынады. […]
«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды
«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Бұл байқау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша өткізілмек. Жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңгені құрайды. Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін […]
Полиция департаментінде мемлекеттік рәміздерге қатысты кездесу өтті
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Астана қаласының Полиция департаментіне арнайы барып, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен оған қатысты заңнамалық талаптарды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Іс-шара барысында мамандар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді егжей-тегжейлі таныстырып, рәміздерді дұрыс қолдану мәдениетінің маңыздылығына баса назар аударды. Кездесу ақпараттық-танымдық сипатта өтті. Мамандар маңызды мағлұматтарды ортаға салып, […]
Ұстаздар күні құтты болсын!
5 қазан – Ұстаздар күні құтты болсын! Ұстаздар қауымы білімнің шамын жағып, әр балаға бағыт-бағдар беріп, олардың өмір жолын дұрыс таңдауына себепкер болып келеді. Олардың ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі зор. Тынымсыз еңбегі, кәсібилігі және шәкірттерге деген шынайы жанашырлығы арқасында қоғамда парасатты, отаншыл азаматтар қалыптасты. Ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс пен қажымас қайрат тілейміз! Олардың жауапты жұмысы […]
